Тағы бір блогер хиджабты шешкенін айтты

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cDo21uIEYeDn6xfHILJO8d19A8x4Zg5GWJghRg3B.webp

Инстаграмда 1,3 млн оқырманы бар танымал блогер Аружан Әбілова орамалын шешкенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Блогердің айтуынша, бұл шешімге ол бірден келмеген. Соңғы бір жыл бойы осы мәселе төңірегінде көп ойланып, ішкі толғанысты бастан өткерген.

«Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім. Ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз», – деп жазды Аружан Әбілова.

Сонымен қатар блогер болашақта қайтадан орамал тағуға ниетті екенін жеткізді.

«Алла қайтадан орамалға оралуымды нәсіп етсін», – деді ол.

Аружан Әбілованың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандар тарапынан түрлі пікір айтылды.

Пікірлер