Бейбіт Әлібеков әкесінің даулы жазбаларына қатысты пікір білдірді

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Glg4ppVC6HdSERpz3lgjioBp5QvMz0HxpaJzWkNY.jpg

Кәсіпкер, блогер әрі Respublica партиясының белсенді өкілдерінің бірі Бейбіт Әлібеков әкесі Бақыт Әлібековтің Facebook парақшасында жарияланған даулы жазбаларына қатысты пікір білдірді, деп хабардайды "Адырна".

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Бақыт Әлібековтің қазақ халқына қатысты «қазанбастар», «мәмбет» секілді кемсітушілік сипаттағы сөздер қолданылған, сондай-ақ Наурыз мейрамына қатысты өткір пікір айтылған жазбалары қызу талқылануда.

Осыған байланысты Бейбіт Әлібеков Threads платформасында пікір білдіріп, әкесінің көзқарастарын ешқашан қолдамағанын атап өтті.

«Барлығымыз ата-ананы таңдамаймыз, олар да бізді таңдай алмайтыны анық. Әкемнің көзқарастары мен пікірлерін ешқашан қолдаған емеспін және бұл туралы бірнеше рет ашық айттым», – деп жазды ол.

Бейбіт Әлібековтің айтуынша, әкесі екеуі – жеке ұстанымы мен жауапкершілігі бар екі бөлек тұлға. Сондықтан әр адам өз сөздері мен әрекеттеріне ғана жауап беруі керек.

«Баласы әкесінің айтқан сөзі немесе жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс емес деп ойлаймын. Саналы, жасы келген адамның пікірі үшін менің ақталуға міндетім жоқ. Менің өз пікірім, өз өмірім және өз жауапкершілігім бар. Сол үшін толықтай жауап беруге дайынмын», – деді ол.

Ол ата-ана мен баланың жеке тұлға ретінде бір-бірінен тәуелсіз екенін және әркімнің өз көзқарасы үшін өзі жауап беруі қажет екенін атап өтті.

Пікірлер