YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ltQHHaQoA8rj8Is0TzzoXGW6xHvKmEbDfpTUsGHB.webp

Алматыда өтуі тиіс YE концерті 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылды. Ұйымдастырушылар көрермендерге іс-шараға қатысты маңызды ақпаратты жариялады.

Концерт 15 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді. Көрермендерді алаңға кіргізу сағат 16:00-де басталады.

14 тамызға сатып алынған барлық билеттер өз күшінде қалады. Көрермендер сол билеттер арқылы 15 тамыздағы концертке кіре алады.

Алаңға кіреберісте билеттер сканерленеді. Тексеруден кейін көрермендерге бұрын берілген білезіктер жаңартылады.

Ұйымдастырушылар концертке келушілерден жолды алдын ала жоспарлап, көлік кептелісін ескеруді және стадионға мүмкіндігінше ертерек келуді сұрады. Кіру билетте көрсетілген секторға сәйкес жүзеге асырылады.

Іс-шараға қатысты өзекті ақпарат First Media Group және Freedom Афиша арналарында жарияланады.

Пікірлер