Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CcYZaL0OReExZBpLtnp5zLRqJvSYiDJ5nSDCnwjn.jpg

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Биыл мемлекеттік білім гранты конкурсына 127 мыңнан астам талапкер қатысқан. Талапкерлер арасында педагогика, инженерлік және құрылыс, сондай-ақ ақпараттық технологиялар бағытындағы білім беру бағдарламаларына сұраныс жоғары болды.

Ең жоғары бәсеке аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, психология және педагогика мамандықтары бойынша тіркелді.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны 25 тамызға дейін жалғасады.

Толық тізімді сілтемеден қарай аласыз.

Пікірлер