Украина министрі Зеленский мен Путиннің кездесуі бейбітшілік үдерісіне серпін беруі мүмкін екенін айтты

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Gom36LYdR4HfwTpOwq9vvgdOGkl5wI0RGkVWrV0l.webp

Украинаның сыртқы істер министрі Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үдерісін жеделдету үшін  Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің кездесуі қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі TRT-ға сілтеп.

Бұл туралы ол Киевте ресми сапармен жүрген Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен өткен келіссөздерден кейін ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында айтты. Андрей Сыбиханың сөзінше, Украина Әзербайжанмен стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. Ол энергетика саласындағы әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ «Орталық дәліз» жобасы аясындағы өзара байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Министр Украина мен Әзербайжанның бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын өзара қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар Қара теңіздегі шабуылдар салдарынан Әзербайжан азаматтарының қаза тауып, зардап шеккеніне байланысты көңіл айтып, бұл жағдайға Ресейдің әскери әрекеттері себеп болғанын мәлімдеді.

Сыбиха сондай-ақ АҚШ, Украина және Ресей қатысатын келіссөздер форматына тоқталып, Киев АҚШ делегациясының келуін күтіп отырғанын айтты.

«Бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланғымыз келеді. Менің ойымша, бұл үдеріске нақты серпін бере алатын жалғыз қадам – Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің тікелей кездесуі», – деді Украина сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Пікірлер