Алматыда 5 жаңа емхана салынып, денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ubMhLaIBJ7mLjZZTxBmQ9HfrP1Oxjs01J2PYfBxp.jpg

Алматы қаласында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қалада жаңа емханалардың құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы медициналық ұйымдарды жаңғырту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде қала аумағында 10 денсаулық сақтау нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Құрамыс, Шұғыла, Алтай-1, Ақжар шағын аудандарында және Айтеке би көшесінде 5 жаңа емхананың құрылысы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар №7 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту, №1 және №2 перзентханаларды қайта жаңарту, Алатау қалалық емханасын дамыту, сондай-ақ №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына қосымша ғимарат салу жұмыстары жалғасуда.

Қала тұрғындарына көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға да ерекше назар аударылуда. Осы бағытта Саялы шағын ауданында және Айбасов көшесінде ауысымына 200 адамды қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, №16 қалалық емханада күрделі жөндеу, қалпына келтіру және сейсмикалық күшейту жұмыстары қолға алынды.

Жаңа медициналық нысандардың құрылысы мен қолданыстағы ұйымдарды жаңғырту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, қаланың денсаулық сақтау жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға мүмкіндік береді.

Пікірлер