Түркияда жол апатынан қазақстандық қаза тапты

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZWo1mmKQxF2U0bRAJoFXxdvo1JAnqWSVEIMaEQgc.webp

Анталияда жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

СІМ дерегінше, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 18 жастағы Қазақстан азаматы болған.

Ведомствоның хабарлауынша, марқұм Анталиядағы қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Ол 15 маусым күні жол апаты салдарынан көз жұмған.  

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмекті толық көлемде көрсетіп, түрік тарапымен бірлесіп марқұмның денесін елге қайтару жұмыстарын ұйымдастырған.

Марқұмның денесі Қазақстанға 17 маусымда жеткізілді. Репатриация жұмыс беруші мен серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған.  

Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе Бас консулдықтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.  

Пікірлер