Атырау әкімінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fUUHK8EJN66B6mIRRsWerOv4q01b9Vk2MMH41WZd.webp

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Махуов қаланың кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына түзетулер енгізуге мүдделі компаниядан 100 млн теңге алған. Болжам бойынша, қаражат аталған нысанда қосалқы мердігерлік жұмыстарды атқаратын делдал арқылы берілген»,– делінген хабарламада.

49 жастағы шенеунік бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ қалалық құрылыс басқармасын да басқарған.

Арна мәліметінше, тергеу жұмыстарын Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өңір прокуратурасымен бірлесіп жүргізіп жатыр.

Пікірлер