"Қаңтар қасіреті": Полицейлердің 23 азаматты үтікпен азаптағаны дәлелденді

2465
Adyrna.kz Telegram

Қаңтарда Талдықорған полиция қызметкерлерінің 23 азаматты үтікпен азаптағаны дәлелденді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді",- деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды.  Оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер