Эльвира Жүргенбаева Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Эльвира Тағайқызы 1987 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.
Бұған дейін ол Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі әрі министрліктің баспасөз хатшысы қызметін атқарған еді.
Ұқсас жаңалықтар
