Кешкілік әуежай маңында есек ұсталды. Иесі жауапқа тартылды

398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nsg4qlMRBe9Ky6CBiqwJlGnG9cMiEqqtRf7g0luP.jpg

Астанада полицейлер әуежай маңына есегін жайған ер адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық ПД мәліметінше, қараусыз жүрген есек 28 маусым күні кешкісін әуежай маңынан байқалған. Жануар қоғамдық орында еркін жүрген.

«Полиция қызметкерлері есекті ұстап, кейін оның иесі анықталды. Белгілі болғандай, есек қала маңында орналасқан саяжай учаскесінің аумағынан өздігінен шығып кеткен. Осы факті бойынша 42 жастағы иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды»,– делінген хабарламада.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне оларды күтіп-бағу және жаю ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Бақылаусыз жайылым жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді және жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Пікірлер