Елдегі ең биік ғимаратқа шағын ұшақ соғылды

78
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PYmm6yH9ZSyKT69Tq79PIJxx0LSJwO8q6y0ErVTj.webp

Қытай астанасы Бейжіңдегі ең биік ғимарат – CITIC Tower кешеніне шағын ұшақ соғылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 26 маусым күні түскі уақытта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 109 қабатты, биіктігі 528 метр болатын ғимаратқа Sunward SA60L Aurora маркалы жеңіл спорттық ұшақ соғылған. Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбаларда ұшақ сынықтарының жерге құлап жатқанын көруге болады.

Оқиғадан кейін ғимараттан адамдар шұғыл эвакуацияланып, аумаққа өрт сөндіру қызметі, полиция және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Соққы салдарынан көшеге ғимараттың қаптама бөліктері мен ұшақтың бөлшектері құлаған. Куәгерлердің айтуынша, басынан жарақат алған әйел жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Полиция оқиға орнына баратын жолдардың бір бөлігін жауып, аумаққа кіруді шектеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарға оқиға орнында фото және видео түсіруге рұқсат бермей жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен зардаптары анықталып жатыр.

Пікірлер