ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы айтып берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
- 2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам.
- Барлығы — 120 ЖОО.
- 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды.
- Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.
- Студенттердің стипендиясы артып келеді.
"Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді ғылым министрі Саясат Нұрбек.
- Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.
- Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.
2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.
"Адырна" ұлттық порталы