Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы 21 маусымда Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жүлде иегері Ирина Бакалдина болды. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шпага сайысында чемпион атанды.
Бакалдина финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Гонконг өкілі Се Кэйлин Синь Янмен кездесті. Тартысты өткен бәсеке қазақстандық семсерлесушінің 15:12 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, жартылай финалда Ирина Бакалдина командалық сайыстағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сон Се Раны (Оңтүстік Корея) жеңген болатын.
Бұған дейін осы қару түрінен ерлер арасында Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болған еді.
Ел тарихындағы алғашқы медаль. Руслан Курбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
