Алматыда «Кітап оқып, тұлға боламын!» жобасының финалы өтті

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hFjZEidufX8N1wI3aFG5jZGuc4WGs5BWa5uop6D1.jpg

10 маусым күні Алматы қаласында «Кітап оқып, тұлға боламын!» жобасының финалдық кезеңі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоба аясында қатысушылар кітап оқу арқылы білімін шыңдап, тест тапсырды. Финалдық іс-шараға белгілі кәсіпкер, меценат, SAN Tyres компаниясының басшысы Сырымбек Тау, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Қабылұлы, сондай-ақ жобаның ұйымдастырушысы Бақдәулет Досмұхаммедұлы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Кітап оқып, тұлға болам» жобасы 2021 жылдан бері жүзеге асып келеді. 2022 жылы жоба аясында 126 мың адам кітап оқып, жеңімпаз Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер ұтып алған болатын. Алайда кейінгі екі жылда уақытша тоқтап, 2026 жылдан бастап қайта жанданды.

Жобаның форматы

Жоба үш айға жоспарланған. Әр айда қатысушылар бір кітап оқиды, кітаптар онлайн түрде тегін ұсынылады. Ай соңында 100 сұрақтан тұратын онлайн тест өткізіліп, 40 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделерге ие болады. Тестке бар болғаны 16 минут беріледі.

Кезең нәтижелері

Наурыз айында жоба «Дала данышпаны – Майқы би» кітабымен басталды. Бұл кезеңде 52 713 адам тіркеліп, шамамен 46 мың адам кітапты оқыды. 17 мың қатысушы 40 ұпайдан жоғары нәтиже көрсетті.

Сәуір айында «Түнде атылған оқ» кітабы оқылды. Бұл кезеңде 26 мың адам кітапты онлайн жүктеп алған. 100 ұпай жинаған 19 қатысушы тіркелсе, 90+ ұпайды 467 адам, ал 40–90 аралығын 3450 адам иеленді.

Мамыр айындағы үшінші кезеңде «Атау кере» шығармасы ұсынылды. 4071 адам тест тапсырған, оның 1723-і 40 ұпайдан асқан. 663 қатысушы 80 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен.

Жүлде қоры

Жобаның жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады. Сыйақылар 10 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі аралықта беріліп, 100-ден астам жеңімпаз марапатталды.

Финал нәтижелері

Жобаның бас жүлдесін Қанатқызы Әсия жеңіп алып, 2 миллион теңге иеленді. Ал Кенжетаев Нұрсұлтан екінші орын (1 млн теңге), Ринатұлы Сұлтанали үшінші орын (500 мың теңге) иегері атанды. Сонымен қатар үздік ондыққа кірген қатысушылар да ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Рандом әдісі арқылы да бірқатар қатысушы ірі жүлделер ұтып алды. Ең үлкен сыйлық — 5 миллион теңге Болатқызы Нұрзадаға бұйырды. Сондай-ақ 2,5 миллион теңге, 1 миллион теңге және бірнеше 100 мың теңгелік жүлделер басқа қатысушыларға табысталды.

Пікірлер