Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы 29 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мәліметке сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын елорда әуежайынан өзі шығарып салған.
«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, Владимир Путин Қазақстанға 27 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген болатын. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады. Сондай-ақ екі ел басшысы достық пен тату көршілік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
«Бізді ортақ шекара біріктіреді»: Тоқаев Путинмен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа баға берді
