Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"6 тамыз сағат 20.40 шамасында Audi автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі "Алматы-Көкпек-Көктал" автожолымен шығыс бағытқа қарай 181 км жүріп өтіп, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Renault көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Кәмелетке толмаған үш бала түрлі жарақаттармен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы дерек бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы