Қостанай облысында бес жастағы қыз жоғалып кетті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Белгілі болғандай, бүлдіршін 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында болған. Бірақ, қыздар таңертең оянғанда сіңлісін таппаған. 5 жастағы Мадина 7 тамыз күні сағат таңғы 05:00 шамасында Жамбыл ауылындағы үйінен шығып, қайтып келмеген. Қазіргі уақытта қайда екені белігісіз.
Полиция департаменті мен еріктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.
"Адырна" ұлттық порталы