Мектепте оқушы мұғалімді соққыға жықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IJmXkdDbtAgFD1ic3TBvijfaNLUvHUmEcHAOS8PR.webp

Алматы облысы аумағында мектеп қабырғасында оқушының мұғалімге қол жұмсағаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл оқиғаға қатысты облыс әкімдігі ресми түсініктеме берді.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған жағдай 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылы Жаңа қазақ орта мектебінде болған. Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысы арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен. Алайда оқушы ескертуді агрессивті түрде қабылдап, педагогке қол көтерген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілмек.

Пікірлер