Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Ақордаға сілтеп.
Мемлекет басшысы мерекелік құттықтау жеделхатында Қырғызстан тәуелсіздігінің мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті.
Президент Тоқаев қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, қырғыз халқына бақ-береке тіледі.