Нұрлан Сабуров Ресейде орыс тілі емтиханынан өте алмағанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LMOtkhDnDzJIboGDHgJWLtXND4Pf2pt0gssCSoXj.webp

Әзілкеш Нұрлан Сабуров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаннан кейін, Дубай қаласында өткен концертінде Ресейде ресми құжат алуға тырысқанын, алайда орыс тілі бойынша тесттен өте алмағанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” порталы РИА Новостиге сілтеп.

Сабуровтың концерті 7 мамыр күні Dubai Opera ғимаратында өткен.

“Мен Ресейдің көші-қон саясатын қолдаймын. Ресейде ресми құжат алуға тырыстым… негізінен мұны салық мәселесіне байланысты жасадым”, –деді Сабуров.

Комиктің айтуынша, құжат алу үшін орыс тілінен тест тапсыру қажет болған. Ол емтиханды жұбайымен бірге тапсырған.

«Әйелім екеуміз бір партада отырдық… Сұрақтар қиын болды. Мысалы, Русьтің шоқындырылуы қашан болғаны туралы сұрады. Нәтижесінде әйелім өтті, ал мен өте алмадым”, — деді ол.

Концерт барысында Сабуров көрермендерден сөздерін видеоға түсірмеуді бірнеше рет сұрады. Оның айтуынша, айтылған пікірлер контекстен жұлынып алынуы мүмкін.

Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін қаңтар айында Сабуров туған жері – Қазақстанға оралған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті комикке қатысты тексеру басталғанын хабарлады. Алайда тексерудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны әзірге жарияланған жоқ.

Пікірлер