«Кітап оқитын ұлт». Нұралхан Көшеров Нұрдәулет Қилыбайға кітап оқу эстафетасын жолдады

239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L2sP1hkHB7SPGVAmcr04EfsLQ9Tqt15IuW5JKHfu.jpg

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кітап таңдау эстафетасын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Игілікұлына жолдады.

Аймақ басшысы эстафетаны Дархан Сатыбалдыдан қабыл алып, игі бастаманы жалғастырды.

Бұл бастама аясында кітапсүйер қауымға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романы оқуға ұсынылды.

Жоба аясындағы challenge шарттары да жарияланды. Оған сәйкес қатысушылар:

  • Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романын оқуы керек;
  • Оқыған шығарма бойынша қойылған сұраққа тікелей эфирде жауап беруі тиіс.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастаманың мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау.

Сонымен қатар жоба аясында белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Ең ерекше жауап берген қатысушыға iPhone ұтысы беріледі.

Пікірлер