Бұрынғы министрлер өлім жазасына кесілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XMf4d9t1wXMWEMa1J6ZTheXYpMNJ34v4zR0sJcdv.webp

Қытайдың әскери соты Қытай Коммунистік партиясы Орталық әскери кеңесінің бұрынғы мүшелері әрі бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ және Ли Шанфуды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ria-ға сілтеп.

Сот екі шенеунікті де пара алғаны үшін кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. Алайда сот шешімімен жазаның орындалуы екі жылға кейінге қалдырылды.

Ria дерегінше, екі экс-министр де өмір бойы саяси құқықтарынан айырылып, жеке мүліктері толық тәркіленеді. Егер екі жылдан кейін өлім жазасы орындалмаса, ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады. Бұл жағдайда олар мерзімінен бұрын босатылмайды және жаза мерзімі қысқартылмайды.

Вэй Фэнхэ бұған дейін Қытай халық-азаттық армиясының зымыран күштері бағыты мен орталық әскери кеңестегі жоғары лауазымдарды атқарған. Ол 2017 жылы ҚКП XIX съезінен кейін қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған.

Ал Ли Шанфу 2023 жылы қорғаныс министрі қызметіне көтерілгенге дейін Қытай армиясының спутник орталығы мен қару-жарақ жүйелерін дамыту құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған. Сол жылы шілде айында ол қоғамдық өмірден жоғалып, кейін «партия тәртібі мен заңды бұзды» деген айыппен тергеуге алынған.

Пікірлер