Қазақстанда саны жағынан ең көп ұлт туралы Ұлттық статистика бюросы деректерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамды құрайды.
Ең көп үлеске ие – қазақтар. Одан кейін орыстар, өзбектер, украиндар және ұйғырлар тұр. Ірі этностық топтардың ішінде сондай-ақ немістер, татарлар, әзербайжандар, корейлер, түріктер, дұнғандар, белорустар, тәжіктер, күрдтер және қырғыздар бар.
- Қазақтар – 14 664 202
- Орыстар – 2 943 022 3.
- Өзбектер – 695 557 4.
- Украиндар – 367 547 5.
- Ұйғырлар – 309 164
- Немістер – 222 890
- Татарлар – 218 361
- Әзірбайжандар – 157 568
- Кәрістер – 120 821
- Түріктер – 93 234
- Дүнгендер – 88 165
- Беларустар – 73 788
- Тәжіктер – 61 307
- Күрдтер – 52 077
- Қырғыздар – 41 459
Аймақтар бойынша деректер елдің әр өңірінде белгілі бір этностардың тығыз орналасқанын аңғартады. Мәселен, ең көп қазақтар Түркістан облысы аумағында тұрады – шамамен 1,6 млн адам. Орыстардың ең көп саны Алматы қаласында шоғырланған – 428 мың адам. Өзбектер арасында да көшбасшы өңір – Түркістан облысы, мұнда 404 мың адам тұрады. Украиндар бойынша алда Қостанай облысы – 83 мың адам. Ал жалпы саны 309 мың ұйғырдың 124 мыңы Алматы қаласында тұрады.
