Фото: report.az
Иран 12 тамызда Каспий маңы елдерінің саммитін өз аумағында өткізуді жоспарлап отыр. Report агенттігінің ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бұл туралы Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Астанада өткен Аймақтық экологиялық саммитте мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Дипломат өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Иран тарапы бұл іс-шараны қабылдай алады деген үмітін білдірді.
«2026 жылдың тамыз айында Иран Ислам Республикасы Каспий маңы мемлекеттерінің жетінші саммитін қабылдайды. Біз Каспий теңізінің халықаралық күніне (12 тамыз) және Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына орай, Тегеранда Каспий маңы елдерінің президенттерін қарсы алу құрметіне ие боламыз деген үміттеміз», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
