Газа секторындағы құрбандар саны жетпіс екі мыңнан асты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CamUwYY1J9dqGqNhEewld3OYqS3E4DlDWwQWdSP8.jpg

Израиль әскерінің шабуылдары салдарынан Газа секторында қаза тапқандар саны 72 549 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның соңғы деректеріне сәйкес, соңғы 48 сағат ішінде ауруханаларға 8 адамның мәйіті жеткізілген. Оның бірі үйінді астынан шығарылған. Сонымен қатар 24 адам жарақат алған.

Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылдың 10 қазанда енгізілген атысты тоқтату режимінен бері Израиль шабуылдарының салдарынан 773 адам қаза тауып, 2 171 адам жараланған. Бұдан бөлек, 761 адамның денесі қирандылар астынан табылған. Сәуір айының басынан бері сот-медициналық сараптама нәтижесінде тағы 196 адамның қаза тапқаны расталып, жалпы статистикаға енгізілген.

Осылайша, 2023 жылдың қазан айынан бері қаза тапқандар саны 72 549-ға жетсе, жараланғандар саны 172 274 адамды құрап отыр. Мәліметке сәйкес, Газа секторындағы қираған ғимараттардың астында әлі де мыңдаған адамның денесі қалуы мүмкін. Аймақтағы гуманитарлық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

 

Пікірлер