Той үстіндегі шу. Ереже бұзғандар айыппұл арқалады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5DwqSmOiYHjVrHznrZKUhTEKFOp9LEGoDfVLEbiU.jpg

Шымкент қаласында үйлену кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жүргізушілердің қарсы бағытқа шығып, қызыл жарыққа өтіп, кері бағытта қозғалғаны көрінеді. Бұл әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылар бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Тексеру нәтижесінде барлық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айыптұрағына қойылып, кортежге қатысқан екі адам әкімшілік қамауға алынды.

Құзырлы органдар жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп, мұндай әрекеттердің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Пікірлер