Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DxCi07a9rVhZsswXwmlxeoMBzNquaPhjk5w5jIgM.jpg

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтіп, жаңа кітап таныстырылды.

Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д, профессор Намазалы Омашев, ҚР Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан, «Шалқар» радиосының ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Салтанатты жиын Мемлекет басшысының құттықтау хатымен ашылды. Сенат және Мәжіліс төрағалары, Мемлекеттік Кеңесші, Премьер-министр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі де құттықтауларын жолдады. Радионың дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге марапат табысталды.

Арнаның 60 жылдығына орай жарық көрген «ҰЛТТЫҢ ҮНБАЙРАҒЫ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған радио ардагерлері Сауық Жақанова, Руслана Құдайбергенова, Құсман Игісінов,  Намазалы Омашев, Әшірхан Телғозиев, «Асыл кітап» баспасының директоры Жасұлан Сейдахметов қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар мерейтой аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауы жарияланды. Байқау шарттары туралы толық ақпарат «Шалқар» радиосының сайтында (https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/).

Наурыз айының басында Алматы қаласындағы «Радио үйі» ғимаратында толық жөндеуден өткен студия ашылып, оған қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітованың есімі берілді.

Мерейтойлық шара барысында «Шалқар» радиосында әр жылдары еңбек еткен ардагерлер және қонақтар естеліктерімен бөлісіп, әсерлі кештің куәсі болды.

 

Пікірлер