Бесінші мәрте. “Сұңқарды” сынап ұшыру тағы да шегерілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cYdw7addVH1brc5lbECoPgTHX03oAfGzE5jRZ3gl.jpg

«Сұңқар» зымыран тасығышының ұшырылымы тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін 4 сәуірге жоспарланған «Сұңқар» зымыран тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымы кейінге қалдырылды. Ұшыру күні кейінірек анықталады.

Дереккөздің мәліметінше, ұшырылым күнінің резервтік күнге ауыстырылуы старттық кешен жабдықтары мен зымыран жүйелерін қосымша тексеру қажеттілігіне байланысты. Қажетті тексерулер жүргізіліп, ескертулер жойылғаннан кейін мемлекеттік комиссия ұшырылым күні туралы шешім қабылдайды.

Еске салсақ, бастапқыда «Сұңқар» зымыранын 27 наурызда ұшыру жоспарланған еді. Алайда техникалық себептерге байланысты ұшырылым бірнеше рет кейінге қалдырылып отыр.

31 наурыз күні «Сұңқар» зымыраны пайдалы жүктің макетімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағындағы 42-алаңдағы монтаж-сынақ корпусынан теміржол арқылы жеткізіліп, 45-алаңдағы ұшыру қондырғысына тік күйде орнатылды. Зымыранның алғашқы ұшуы 4 сәуір күні сағат 16:00-де (Астана уақытымен) резервтік күн ретінде жоспарланған. Қосымша тексерістер қажет болған жағдайда, келесі резервтік күн ретінде 5 сәуір қарастырылған еді.

Пікірлер