Алматы облысында полицейлік бақылау күшейіп, рейдтік шаралар Алматы қаласынан тыс өңірлерде де жүргізіле бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілерде Есік қаласынан түсірілген видеолар тарады. Кадрларда 09 кодымен белгіленген патрульдік экипаждар байқалады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл экипаждар Қарағанды облысынан келген болуы мүмкін. Олар қалаға кіріп, жолдарда көлік құралдарын тексеріп жатыр.
Осыған ұқсас тексерулер Талғар қаласында да жүргізілуде. Мұнда 08 кодымен белгіленген патрульдік экипаждар жұмыс істеуде.
Куәгерлердің айтуынша, рейдтерге полицияның баспасөз қызметі де қатысып, барлық процесс камераға түсіріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
