2 сәуірде «Әмір Темір» тарихи эпосы әлемнің 30-дан астам елінде үлкен экранға шығады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл – америкалық Mystery Box, қазақстандық BWG Production және өзбекстандық 7SABER компанияларының бірлескен жобасы.
16+ жастағы көрермендерге арналған фильм XIV ғасырдың ортасындағы оқиғаларға — Моңғол империясының ыдырауынан кейін Ұлы Жібек жолы аймағындағы саяси тұрақсыздық кезеңіне арналған.
Фильмді тарату құқықтары 120-дан астам ел мен аймаққа сатылған, оларға ТМД елдері, Таяу Шығыс, Еуропа, Азия, Латын Америкасы және Африка мемлекеттері кіреді, ал фильмнің әлеуетті аудиториясы 250 миллион адамнан асады деп күтілуде. АҚШ-та фильм 14 сәуірде Well Go USA Entertainment арқылы цифрлық форматта көрсетілмек.
Айта кетейік, түсірілімдер Қазақстан мен Өзбекстанда өткен. Күн сайын түсірілім алаңында шамамен 530 адам жұмыс істеген.
