Путин мамырда Қазақстанға келеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AF1wEHx0Vy3aN7bFcC68envGEHbqUZRcTbk0KIGm.jpg

Ресей президенті Владимир Путин мамыр айында Қазақстанға келеді. Бұл туралы РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сізге (Қасым-Жомарт Тоқаевқа – ред.) Владимир Владимирович Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Бірер күн бұрын президентпен екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін, сондай-ақ биыл мамыр айына жоспарланған сапарына әзірлік жұмыстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Үкімет бұл сапардың да табысты өтуіне барынша күш салады. Сіздің былтыр қараша айында Ресей Федерациясына жасаған сапарыңыз барысында мемлекеттер басшылары қойған барлық міндетті екі ел үкіметтері іске асырып жатыр»,– деді Михаил Мишустин.

Сондай-ақ тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьерін қабылдаған болатын.

Пікірлер