Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус шұңқырға құлап, салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. 17 жолаушысы бар автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған.
“Қатты желдің салдарынан коммерциялық автобустың 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, автобус арыққа ұшып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті”, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Полицейлер автобусты арықтан құтқару шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
“Адырна” ұлттық порталы