Қазақстан өкілі Ақмарал Ерекешева Грецияның Афина қаласында өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Ерекешева көпсайыс бойынша жарыстың қорытындысында жалпы 109.700 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Андреа Вердес (Румыния) – 104.250 ұпаймен, үшінші орынға Дара Стоянова (Болгария) – 103.450 ұпаймен тұрақтады.
Бұған дейін Ақмарал Ерекешева Қазақстан тарихында алғашқы рет юниор әлем чемпионатында алтын медаль алған спортшы атанған еді. Ол сол жарысқа София (Болгария) қаласында қатысқан.
Ұқсас жаңалықтар
