Әсет Матаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/087bigQrmR5EOUSOT58cBx7vx4DnraUX7A0F1CVi.webp

«ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ҚР ҚК-нің 274-бабы («Білгілі түрде жалған ақпарат тарату») бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы қорғау тарапынан айтылды, деп хабарлайды "Адырна".

Адвокат Рена Керимова ұсталған күнгі жағдайға қатысты мәлімет берді. 

«Әсеттің досы жігіттердің бірін қызбен шатастырып алған. Менің түсінуімше, жанжал осыдан басталған. Шынында да ол жігіттің сырт келбеті ерекше: ұзын жирен шашты, мойнында шынжырлары бар және т.б. Түнгі шамамен сағат 2-де, досымен отырған, она арт жағынан қарағанда шатастырып алу оңай болған» деп жазды Рена Керимова Facebook парақшасында.

Сот қолданыстағы шараны бүгін таңертең қарамақ. Бұған дейін Матаевтың ұсталғаны қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Құқық қорғау органдары Алматы қаласының Медеу ауданында екі БАҚ иесі арасындағы қақтығыс төбелеске ұласқанын хабарлаған.

Оқиға кезінде Матаевтың басына зақым келген, кейін ол ауруханаға жеткізілген, бірақ нақты орны жарияланбаған. Халықаралық «Әділ сөз» қоры оқиға бойынша тергеуді мұқият жүргізуді талап етті.

Пікірлер