Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әуекомпанияның баспасөз қызметі Дубай, Жидда, Медина және Доха бағытындағы тұрақты рейстер 10 наурызға дейін тоқтатылғаны туралы ақпаратты жариялады. Сонымен қатар, аталған қалаларға билеттерді сату уақытша 17 наурызға дейін шектелді.
Жолаушыларға билетті тегін қайта брондау 30 сәуірге дейін, ал билет қайтару 11 наурызға дейін қолжетімді.
Әуекомпания өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
