Арагчи: Оманға соққы жасау біздің таңдауымыз емес еді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jUpxOfhPe0jx7Rzvu5zS3lodPlrGElF8OQsX59ma.jpg

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Оманға соққы жасау жоспарда болмағанын жеткізді. Бұл туралы ол  Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Оманда болған жағдай – біздің таңдауымыз емес еді… Бұған дейін қарулы күштерімізге нысаналарды таңдауда барынша сақ болуды тапсырғанбыз. Шын мәнінде, қазір біздің әскерилер белгілі бір деңгейде өз бетінше әрі бір-бірінен бөлек әрекет етіп жатыр. Олар өздеріне алдын ала берілген жалпы нұсқауларға сәйкес қимылдауда», – деді министр.

Ал Қатар сыртқы істер министрлігі Оманға жасалған соққының медиация қағидатына шабуыл екенін мәлімдеді.

Пікірлер