Жаркенттегі мешіт пен Алматыдағы шіркеу қатарынан ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r3ncL4UXqxqj1l3R58BI02NX0m3FaR3hYE6UAHH7.jpg

Жаркент мешіті мен Вознесенский храмы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, нысандардың Tentative List тізіміне енуі – алдағы уақытта ЮНЕСКО-ға толық номинация ұсыну үшін маңызды кезең. Шешім Президенттің Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау аясында қабылданған.

1895 жылы қытай сәулетшісі Хон Пике жобалаған Жаркент мешіті XIX ғасырдың соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Нысан 1982 жылдан бері мемлекет қорғауында және республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші мәртебесіне ие.

Ал Вознесенский храмы XX ғасыр басындағы православиялық ағаш сәулет өнерінің сирек үлгісі ретінде танылған. Ол өзінің инженерлік әрі көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді.

Пікірлер