26-27 ақпан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтпек.
Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Ұқсас жаңалықтар