Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/slqI6uhL2ZVywq1ouft6nNIPka0LGNeM6SWmxeGJ.jpg
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды. XFG деп аталатын мутацияға ұшыраған вирус қазір 85 өңірде тарап кеткен, деп хабарлайды "Адырна".

Ауруханаға түскендердің 90 пайызында осы штамм, дейді мамандар. Бұл вирустың жұқтыру көрсеткіші бұрынғыларға қарағанда жоғары.

"Белгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияларға ұқсас. Науқастарда жөтел, дене қызуы және әлсіздік байқалады", деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл штаммды жұқтырғандарда тамағы қарлығып, дауысы шықпай қалуы мүмкін.

"Соңғы жылдары вирус үнемі жаңарып, мутацияға ұшырап отырады. Сондықтан жаңа штамм үшін карантин жариялаудың қажеті жоқ. Тек тұрғындар иммунитетті көтеруі тиіс. Жалпы вирустан сақтануға бізде 10-нан астам вакцина шығарылған. Олар уақытша болса да, ағзада иммунитет қалыптастыра алады", - дейді дәрігер Светлана Андреева.
Пікірлер