Шәхид болып кетуден қорықпаймын – Пезешкиан

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hEGwhbLymKD1070ljIIRZoZJUG6CuODdH3YVexJn.jpg

Фото: IRNA

Иран президенті Масуд Пезешкиан Лорестан провинциясына сапары барысында кәсіпкерлермен кездесуде сөз сөйледі. Ол еліне қызмет етуді мақтан тұтатынын және шәхид болып кетуден қорықпайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна". 

«Біз шәхид болатынымызды мақтан тұтамыз. Шәхид болудан қорықпаймыз. Егер ондай жағдай болса, біз оны да мақтан етеміз», – деді Пезешкиан.

Ол президент ретіндегі қызметінің оңай еместігін атап өтті. Бұрын еркін өмір сүргенін, ал қазір қауіпсіздік талаптарына байланысты бірқатар шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтты.

Сондай-ақ ол елдің дамуы жолында барлық қажетті қадамдарды жасауға дайын екенін және халық үшін тәулік бойы еңбек етуге әзір екенін мәлімдеді.

Пікірлер