Қазақстандық «Allur» автокөлік компаниясы Qazaq Tili Endowment қорына 100 млн теңге аударды. Бұл туралы қор президенті Рауан Кенжехан айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бұл – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен үндес, қазақ тілін дамытуға қосылған нақты үлес. Қазір Qazaq Tili Endowment қорындағы қаржы 703 669 299 теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен соңғы жылдары 100-ге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылды»,-деді ол.
Allur – 22 жылдан бері еліміздегі автокөлік өнеркәсібін дамытып келе жатқан жетекші отандық компания. Қазақстандық автонеркәсіптің жүйелі дамуына серпін беріп, ел экономикасының маңызды саласын алға жылжытып келеді.
«Ана тіліміздің болашағына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін Allur компаниясының басшылығы мен ұжымына шынайы алғыс білдіреміз!Бастамаларыңыз сәтті, істеріңіз берекелі болсын!»– деп толықтырды президент.
Қазақ тілін дамытудың жаңа кезеңі: Қазақстанда мемлекеттік тілді қолдау бойынша алғашқы эндаумент қоры құрылды