Хайуанның өлімі. Көлік қаққан сілеусін аулаға бой тасалаған

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/26tXGMMsmYjaivKqaJXBTZ8n0CAsO8xN6jhVHskp.webp

12 ақпанда Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты Азат ауылында жергілікті тұрғындар жабайы сілеусінді байқап қалған. Куәгерлердің айтуынша, жануар артқы аяқтарымен ақсаңдап жүрген. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, сілеусін «Азат–Степногорск» тасжолында көлік қағып кетуі салдарынан ауыр жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша, жануардың алған жарақаты оны өлім халіне жеткізген.

Тұрғындардан түскен хабарламаға Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының “Кенес орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары В.Ю. Газетов жедел әрекет етті. «Лесостепное» аңшылық шаруашылығының иесі А.А. Абасспен бірлесіп, жануар ветеринарлық көмек көрсету және әрі қарай «Бурабай Даму» ЖШС зообұрышына орналастыру үшін көлікке тиелді.

Алайда көзбен шолып тексеру барысында сілеусіннің артқы аяқтары толықтай үгітіліп кеткені анықталды. Қан жоғалтудың салдарынан жануар сол жерде жан тапсырған. Жануардың өлексесін жою туралы акт жасалды.

Инспекция тұрғындарды жабайы табиғат өкілдерімен кездескенде сақ болуға және жарақаттанған жануарлар туралы уақтылы тиісті органдарға хабарлауға шақырады.

Пікірлер