Каспийде америкалық катерлер жүйіткитін болады

384
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m6eS5BfA9k28ZG51VgGTAbM3w0CQUA6HJZwZEUE7.webp

АҚШ Әзербайжанның аумақтық суларын қорғауды күшейту мақсатында елге бірнеше жаңа катер жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге жасаған бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сөзінше, екі ел арасында ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бар, әрі Вашингтон әріптестікті тек қауіпсіздік саласында ғана емес, экономика бағытында да нығайтуды көздейді.

«Бізде талқылайтын да, жариялайтын да көптеген мәселе бар.  Мен «Трамп маршрутының» үстімен алғашқылардың бірі болып ұшып өткенімді мақтанышпен айта аламын. Бұл бағыт Әзербайжанның екі бөлігін (Нахчыван автономиялық республикасымен — ред.) байланыстырады. Біз бұл экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, табиғи ресурстар мен аса маңызды минералдар саласындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге және Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи бейбіт келісімді бекітуге көмектеседі деп үміттенеміз», — деп атап өтті АҚШ вице-президенті.

Пікірлер