"Назарбаевтың табанды еңбегінің нәтижесі". Президент Ата заң туралы айтты

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yGhbzV9NPdDC3qEaMkEJx9FiNLgAaMJsPRRLvT1l.jpg

Мемлекет басшысы қазіргі Конституцияның тарихи маңызын атап өтіп, соңғы 30 жылда Қазақстанның жеткен барлық жетістіктерінің негізінде Ата заң тұрғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент бұл құжаттың қабылдануы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды еңбегінің нәтижесі екенін жеткізді.

"Әрине, қазіргі Конституциямыздың мән-маңызын ешкім жоққа шығармайды. Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұрғаны сөзсіз. Бұл – тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің арқасы.

Дегенмен бұл құжат еліміз енді ғана еңсесін тіктей бастаған кезде қабылданғанын ескерген жөн. Онда Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын күндердің ізі бар. Солай болуы да заңды. 

Сол кезден бері еліміз адам танымастай өзгерді. Болашағымызға көбі күмәнмен қараса да, Қазақстан халықаралық беделі жоғары, мықты мемлекетке айналды. 

Қазір әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық, технологиялық ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстан да көптеген өзгерісті бастан өткерді. Бұл өзгерістер ұлт санасына ықпал етті, тіпті, зор сілкініс әкелді десек, қате болмас", - деді Президент Тоқаев.

Осыған байланысты Президент еліміздің мақсат-міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын қазіргі заман талаптарына сай, конституциялық деңгейде жаңғыртудың айрықша маңызға ие екенін мәлімдеді

Пікірлер