Картаны білу тарихтың жартысы. Кейбір студенттер болады картаны білмейді бірақ бір теманы жаттап аладаы. Сондықтан қай жерде не болып жатыр? өткені не? келешегі не? болып жатқан жағдайлар кімге қалай әсер етеді? деген сияқты сұрақтарға жауап бере алмайды. Көз алдына елестете алмайды.
Сондықтан сараптай алмайды. Кейбір медиалардың үгітіне еріп жүре береді. Картаны қараңыз. Иран барлық жағынан алғанда кішігірім мемлекет емес. Үлкен мемлекет. Жері жағынан әлемде 17. Халқы 92 млн. Тарихы, мәдениеті, діні ол өз алдына. (Ariana-Арилер. Иран сөзінің шығу төркіні).
Иран қай аймақтарды байланыстырады? Қазіргі алай-дүлей заманда ең маңыздысы осы.
Таяу Шығыс – Кавказ - Орталық Азия - Оңтүстік Азия - Парсы шығанағы- Каспий жағалауы елдері.
Бәрін қысқаша айтуға тырысайық.
1. Таяу Шығыс - бітпейтін жанжалдар аймағы. Ол жерде діндер де мұнай да басқасы да бітпейді. Өйткені халықтар рационалдылықтан гөрі мифтермен өмір сүреді. Біреулері халифат армандайды, біреулері «құдайлары уәде етіп кеткен жерлерін» иемденгісі келдеі. Өркениеттер бесігі болғанымен қазір сауатсыздар мен феодализм орталығы. Біреулер үшін «Таяу Шығыс» Жерорта теңізіне шығатын дәліз, логистика.
2. Парсы шығанағы және Ормуз бұғазы – әлемдегі барлық мұнайдың шамамен 20-25% өтетін жер. Барлық әлемге осы аймақтан мұнай кетеді. Қытай да осы аймақтан мұнай тасиды. Парсы жағалауының Оңтүстік бетінде АҚШ, Ұлыбритания мен Израильдің офистері бар. БАЭ, Кувейт, Катар сияқтылар де юре мемлекететр бірақ де факто аты аталған елдердің офистері. АҚШ бір жағынан араб әлемін Иранды құбыжық етіп көрсетіп олардың мұнайын сорды, осы уақытқа дейін пайдаланып келді. Мысалы Ресейді құбыжық етіп Еуроодақты өзіне тәуелді етіп отыр. Иә, Ресей шынымен де құбыжық. Ол бөлек әңгіме. Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Азия елдері (АСЕАН бар) Қытайдан қорқып АҚШ-мен одақтас. Және олар да АҚШ үшін бизнес алқабы.
3. Үнді мұхитына шығу жолы - Бендер Аббас порты арқылы мұқитқа шығып тұр. Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік дәліз» жобасы бар. Егер Иран құласа бұл жобаның күлі көкке ұшады. Сондықтан Ресей Иранға дәл қазір қару тасып жатыр. Көтерісшілер билікті ауыстыра алмайды. Молдалар күшпен басады. Осы кезде АҚШ пен Израиль соққы беруі мүмкін. Қақтығыс сөзсіз орын алады. АҚШ-тың басты саясаты Иранды құрту арқылы Ресей мен Қытайды тұқырту. Әлемдік жаңа тәртіп орнату жолында АҚШ сөзсіз осы жолдарды кесуді көздейді. Яғни энергетика жолдары.
4. Иран құласа АҚШ Каспий аймағына келеді. Оңтүстік Кауказ арқылы онсыз да келіп тұр. Әзірбайжан мен Арменияны татуластыру және Зенгезур дәліздерін еске түсіріңіз. Бұл Ресейді тағы да бір қоршай түсу. «Орта дәліз» деп жүрген саясаттың артында АҚШ пен оның одақтастарының Каспийге келуі ғана тұр. Қытай сондықтан бұл жобаға күмәнмен қарап келеді. Қытайға ең тиімдісі Қазақстан-Ресей арқылы баратын Солтүстік жол еді. Себебі ол жерде НАТО жоқ. Ал Қырғыз-Өзбек- Түркмен арқылы Иранға баратын «Оңтүстік жол»- ол Қытайдың Орталық Азияға енуі мен Ираннан шикізат тасуы ғана. Өйткені Иран әлемде мұнай мен газ қоры жағынан алғашқы бестікке кіреді. Сондықтан Иранның құлауы Қытайға қиын. Орталық Азиядан тыныштық кетеді. Түркі әлемі Тұран деген сияқты жобаларды жандана түседі. Мұндай ірі жобалар АҚШ пен одақстастарының қолдауынсыщ болмайды. Оған Ресей мен Қытай қарсы шығады. Өйткені Ресей ішінде түркі тілдес автономиялы елдер бар. Қытайдың Батысында Шыңжан Ұйғыр Автономиялы Ауданы бар. Ол да Түркі тілдес халық. Қытай мен Ресейе тауар ары-бері өтетін тыныш Оратлық Азия керек. Әсіресе Ресейге тыныш бағынышты Орталық Азия керек. Иранда су мәселесі қатты өршіп тұр. Енді мына жағдай бақылаудан шығып кетеін болса аймақтағы елдерге босқындар ағылады.
5. Иранды бөлу сценариін де көргісі келетіндер бар. Бірақ Иран бөлінсе Таяу Шығыстағы біраз елдер тағы бөліну қаупі бар. Сондықтан бәрі әліптің артын бағып отыр. Иран тыныштығы аймақтағы елдерге керек. Айтпақшы кезінде арабтар жүздеген халықтарды дін арқылы жұтып жібергенде арабтарға жұтылмай қалған осы парсылар мен күрттер болды.
6. Иран бұл жағдайға қалай келді. Кезінде КСРО-ны «жасыл белбеумен» қоршау керек болды. Яғни коммунист кәпірлерге қарсы мүминдері айдап салу. 1979 жылы қазіргі қазіргі «бас молда» Парижден ұшақпен әкелініп АҚШ елшісімен бірге жұма намазға қатысқан болатын. Арада 47 жыл өткенде қазіргі моладалар кетіп орынна бұрынғы шахтың ұрпағы әкелу тағы қызық. Қысқасы Иранды кім басқарады, сол әлемдік геосаясатқа қатты әсер ететін болады.
7. Иран – өзі бір қызық әлем. 7 ғасырдағы ислам дінін реформалап «Әлилік шиизм»-ді мемлекеттік дін ретінде ұстанды. Мүмкін осы арқылы халықты ұстап оытрамын деп ойлады. Сыртқы саясатында шиизмді қолданды. Бірақ бұл ескірді. Интернет дәуірі келді. Халық кешке дейін ертегі тыңдағысы келмейді. Рационалды әрекеттер күтеді. Иран - шииттік исламның орталығы. Бірақ қазір бәріне айрылып жатыр. Сирия-Ливан-Хезболла-Хуситтер-Имендегі ықпалы тағы кімдер бар бәрі тынып жатыр.
Әрине бұрынғы парсы өркениеті, мәдениеті, ғылымы, музыкасы, поэзиясы ол сөзсіз мықты. Ол енді басқа тема.
Нұрат Ілияс
ҚазҰУ, Шығыстанушы
Ұқсас жаңалықтар