Қашаған кен орнында газдың шығуына байланыс жұмыс тоқтатылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Компания өкілдерінің мәліметіне сәйкес, бұл металдағы тот басудан болған. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін.
"2 тамызда Қарабатан зауытында сезбектер слагкетчерге баратын 12 желіде (құбыр) газ шыққанын анықтады. Біреуінде құбыр жарылып кеткен", – делінген хабарламада.
Қазір комиссия тексеріс жүргізіп, өзге желілерді де тексеріп жатыр. Мұнай шығару жұмыстары бір аптаға тоқтауы мүмкін.
“Адырна” ұлттық порталы