Өзбекстан президентінің Пәкістанға сапары. Бизнес-форум өтті

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVGQ2qwJSEeOx2hr60VGl903nXbsrwBC7lCyvTr4.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Пәкістан астанасы Исламабад қаласына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Пәкістан әуе кеңістігінде мәртебелі мейманның ұшағын елдің Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.

«Нұрхан» әуежайында Өзбекстан басшысын Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, премьер-министр Шахбаз Шариф және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ресми қарсы алу рәсімі кезінде екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Пәкістан қарулы күштерінің құрлық әскерлерінің қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирмен, премьер-министр Шахбаз Шарифпен келіссөздер өткізу және Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы, өзбекс-пәкістан бизнес-форумы өтті.

Пікірлер