7 трлн теңге қайдан шықты? Қазақстан банктері Президент айтқан қаржыны жоққа шығарды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZETPyHRJE5O0rusr3BUULAyKCJqPhyqQMuT0IUtE.jpg

Қазақстан банктерінің басым бөлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен 7 трлн сомасындағы қаржыны аударуға қатысы жоқ екенін ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

ВТБ (Қазақстан) банкі баспасөз қызметі «бұл ақпарат банктің қызметіне қатысы жоқ және банк заңнаманы толықтай сақтай отырып жұмыс істейді» деп жауап берді. Екінші деңгейлі қазақстандық банктер де өздерінің бұл схемаға қатысы жоқ екенін атап өткен.

28 қаңтарда Президент Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінде өткен отырыста елге тиесілі банк арқылы 2025 жылы шекаралас елден 7 трлн сомасында қаржы басқа елдерге аударылғанын айтып, ведомстволарға нақты тапсырма берген. 

 

Пікірлер