«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NNJesfH9eJHt3go1XtWhwpPpuQWwFB9QdoSrhv8v.jpg

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасын ілгерілету мақсатында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралардың мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейту.

Экологиялық акцияның мәдени бағыты шеңберінде Жезқазған қаласындағы №13 мектепте оқушылармен кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырыптық сынып сағаттары, әңгімелер мен ақпараттық кездесулер барысында қоршаған ортаға ұқыпты қарау, қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қалдықтарды бөлек жинау және әр азаматтың табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы жеке жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Ардағым, ардагерім» акциясы аясында ардагерлер мен қарт адамдардың тұрғын үйлерінің ауласын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияның мақсаты - қыс мезгілінде аға буын өкілдеріне нақты көмек көрсету, сондай-ақ жастар арасында ардагерлерге құрмет көрсету, әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек құндылықтарын қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» акциясы - бұл қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған бастама ғана емес, сондай-ақ рухани тазалықтың, адалдық пен Отансүйгіштіктің идеологиясы.

 

Пікірлер